Есіркепов Танзип Имамадинұлы

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, скрипка сыныбының оқытушысы, Роза Бағланова атындағы №2 Балалар музыка мектебінің камералық оркестрінің жетекшісі және дирижері. 

Танзип Имамадинұлы – балалар мен жасөспірімдерге арналған аспаптық және ән жанрындағы музыкалық шығармалардың, симфониялық және камералық оркестрге арналған туындылардың авторы. Сондай-ақ, «Абылай хан» кантатасын, Голландия-Өзбекстан бірлесіп түсірген «Безбилетник» кинофильм музыкасын шығарып, балалар музыка мектептеріне арналған «Скрипка сыныбы бойынша бастауыш мектеп» атты оқу құралын жазған. 

Танзип Имамадинұлы – Қарақалпақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Жұлдыз» алтын медалінің иегері, жоғары санатты «педагог-зерттеуші», кәсіби композитор. 50 жылдық педагогикалық тәжірибесі бар ұстаз бүгінде дарынды шәкірттерді тәрбиелеп, ұлттық және классикалық музыканы дамытуға үлкен үлес қосуда.