Махмутова Татьяна Фёдоровна

Махмутова Татьяна Фёдоровна – фортепиано пәнінің оқытушысы, концертмейстер, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, ақын, суретші-иллюстратор. 

2006 жылдан бастап Астана қаласындағы Р. Багланова атындағы №2 балалар музыка мектебінде фортепиано пәнінің оқытушысы және концертмейстер болып жұмыс істейді. 

Көп жылдық еңбегі барысында Татьяна Фёдоровна түрлі бағыттарда жемісті жұмыс атқарды. Алғашқы кезеңде негізгі күш концертмейстерлік қызметке бағытталды. Әр бөлімнің дамуына өзіндік үлес қосты: 

  • Вокал-хор бөлімі: Кизима Элена Владимировна, Клименко Алла Анатольевнамен бірлесіп жұмыс істеді. 
  • Қазақ халық аспаптары бөлімі: Зайнуллина Айгүл Есентаевна, Салимова Бибігүл Армиевна, Ахметова Әлия Базархановнамен шығармашылық байланыс. 
  • Ішекті аспаптар бөлімі: Заец Ольга Петровна, Есіркепов Танзип Иммамадинович, Кузнецова Татьяна Михайловнамен кәсіби ынтымақтастық. 
  • Үрмелі аспаптар бөлімі: Кузнецова Наталья Николаевна, Жакин Рамазан Саиновичпен бірлескен жобаларды жүзеге асырды. 

Концертмейстерлік қызмет барысында республикалық, қалалық және мектепішілік байқаулар мен концерттерде, сондай-ақ ата-аналар жиналыстарында оқушылардың сәтті өнер көрсетуіне септігін тигізді. 

2017 жылы Татьяна Фёдоровна фортепиано және вокал-хор бөлімдерінде педагогикалық қызметін бастады. Осы жылдар ішінде көптеген дарынды шәкірт тәрбиеледі, күні бүгінге дейін оның шәкірттері халықаралық, республикалық, қалалық және мектепішілік байқауларға қатысып, жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. 

Инклюзивті балалармен жұмыс тәжірибесі 
«Океан-Арт» арт-терапия шығармашылық орталығында инклюзивті балалармен жұмыс тәжірибесін жинақтап, бұл бағыттағы жұмысын мектепте жалғастыруда. 

  • 2007–2009 жылдары «Океан-Арт» Арт-терапия орталығында «Терапия өнері» курсын тәмамдады. 
  • 2021 жылы РҚББОӘО базасында «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қосымша білім беруде дамыту» бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 

Композиторлық қызмет 
«Океан-Арт» орталығында жұмыс істей жүріп, Татьяна Фёдоровна балалар хорына арналған музыкалық шығармалар жаза бастады. 

  • 2022 жылы алғаш рет «Өнермен өсеміз» атты балалар әндер жинағы жарық көрді. Жинақ үш бөлімнен тұрады: 
  1. Кішкентай балаларға арналған қимылды әндер. 
  1. Ересек балабақша және бастауыш сынып оқушыларына арналған әндер. 
  1. Мектеп жасындағы балаларға арналған шығармалар. 
  • 2024 жылы бастауыш фортепианоға арналған “ФОРТЕ және ПИАНО” атты оқу-әдістемелік құралы жарық көрді. Репертуар балаларға арналған авторлық өлеңдер, пьесалар мен ансамбльдерден тұрады. Жинақ авторлық иллюстрациялармен толықтырылған. 
  • 2025 жылы фортепианоға арналған “Хрусталь сарайы” атты жинағы басылып шықпақ. Бұл жинақ әртүрлі көркемдік сипаттағы бағдарламалық пьесалардан тұрады. Шығармалар түрлі фортепианолық техниканы қолдана отырып жазылған, бұл оқушылардың оларды қолжетімді түрде меңгеруіне мүмкіндік береді. 
  • Алдағы уақытта джаз стиліндегі шығармалар жинағын шығаруға дайындалуда. 

Жетістіктері 

  • 2022 жылы Р. Багланова атындағы №2 балалар музыка мектебінің оқытушылары арасында өткен рейтингтік байқауда жеңімпаз атанды. 

Сол жылы “Үздік шығармашыл педагог” номинациясы бойынша педагогикалық байқауда жеңіске жетті.