
Стамғазы Архат Жеңісұлы
дарынды домбырашы, жас педагог және халық аспаптары оркестрінің жетекшісі.
1996 жылы 29 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Ақпәтер ауылында дүниеге келген. 2011–2015 жылдары Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы саз колледжінде білім алды. Кейін Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде «Дәстүрлі өнер» – домбыра мамандығы бойынша білімін жетілдіріп, 2019 жылы оқу орнын тәмамдады.
2018–2023 жылдар аралығында Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» дәстүрлі саз тобында қызмет етті. 2023 жылдан бастап Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебінде домбыра сыныбының оқытушысы және халық аспаптары оркестрінің жетекшісі болып еңбек етуде.
Жетістіктері:
Архат Жеңісұлы көптеген халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Чехия, Венгрия, Словакия, Германия, Иран, Франция, Польша, Түркия, АҚШ, Үндістан, Иордания елдерінде өнер көрсеткен.
2010 ж. – Павлодар қ. VI Ұлттық Жастар Дельфилік Ойындары (қола медаль)
2013 ж. – «Қазанғап» атындағы Республикалық конкурс, Ақтөбе қ. (III орын)
2014 ж. – Мұрат Өскінбаев атындағы VI Республикалық күйшілер конкурсы (III орын)
2015 ж. – Чехия, Прага қ. «Созвездие Талантов» халықаралық конкурсы (алтын медаль)
2019 ж. – ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің вице-министрі Н. Дәуешовтың алғыс хаты
Н.Тілендиев атындағы ансамбльдер және оркестрлер конкурсы – Гран-при, I орын, III орын (әр жылдары)
Ғазиза Жұбанованың 95 жылдығына арналған IV Республикалық музыкалық өнер байқауы – II орын (Ақтөбе қ.)
Ташкент қаласында өткен «Summer Tashkent Festival» халықаралық байқауы – Гран-при
ЮНЕСКО клубтарының федерациясы қолдауымен өткен «Балалар мұрасы» байқауы – II орын лауреаты
М.Тналин атындағы І-қалалық оркестрлер және ансамбльдер байқауы – Бас жүлде (Астана қ.)