
Кенжина Ляззат
Р. Бағланова атындағы №2 Балалар музыка мектебінің қосымша білім беру педагогі және концертмейстері, сондай-ақ Қазақ ұлттық өнер университетінің вокал сыныбының концертмейстері.
Жетістіктері мен марапаттары
Х Республикалық «Астана-Арай» байқауы (2022) – ІІ орын (шәкірті Дәркен Айғаным);
III Республикалық «Жас жұлдыз» байқауы (2023) – ІІІ орын (шәкірті Дәркен Айғаным);
Құрмет грамотасы – III Республикалық «Жас жұлдыз» пианистер байқауында жоғары кәсіби шеберлік танытқаны үшін (2023);
Алғыс хат – білім саласындағы адал еңбегі, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ерен еңбегі және қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқаны үшін;
Сертификат – «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы аясында өткен «Жас маманның кәсіби және шығармашылық дағдыларын дамыту: концертмейстерлердің шеберлік ерекшеліктері мен рөлі» атты қалалық семинарға қатысып, шеберлік сабағын өткізгені үшін (07.02.2025).
VI Халықаралық «Ақжелең» фестиваль-байқауы (2024) – жоғары кәсібилігі мен педагогикалық шеберлігі үшін концертмейстер ретінде марапатталды.
Диплом – Х дүниежүзілік балалар мен жасөспірімдер хор чемпионатында I дәрежелі лауреатты дайындағаны үшін және хор мәдениетін дамытуға қосқан зор үлесі мен педагогикалық шеберлігі мен шығармашылық еңбегі үшін марапатталды (Санкт-Петербург, 6-9 сәуір 2023).
Музыка әлеміндегі шеберлігі мен ұстаздық жолындағы биік жетістіктері оның кәсіби деңгейін айқындай түседі.