«Муз Әлем» ерте музыкалық дамыту орталығының «Еркетай» балалар хоры

2022-2023 оқу жылынан бастап Роза Бағланова атындағы №2 Балалар музыка мектебі мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ерте музыкалық даму» жобасын жүзеге асыра бастады. Жоба аясында арнайы бағдарлама бекітілген, және ол әлі күнге дейін жалғасын табуда. 

2022 жылдың қараша айында «Муз Әлем» филиалында құрылған ерте музыкалық даму тобынан вокал және хор сыныбының мұғалімі Сабитхан Жамбылұлының жетекшілігімен «Еркетай» балалар хоры құрылды. Хор тобының мақсаты – алған білімді іс жүзінде дамыту және балаларды сахна мәдениетіне баулу. 

Ерте музыкалық дамыту орталығының топтары бағдарлама екі жылға лайықталғандықтан жыл сайын жаңартылып тұрады. Бүгінде бірінші топ құрамында 11 бала болса, екіншісінде 39 бала алғашқы музыкалық білім алуда. 

2023 жылдың мамыр айында өткен мектебіміздің жыл сайынғы есеп беру концертінде «Еркетай» балалар хоры Б.Сералидің «Әңгелек» әнімен тұңғыш рет үлкен сахнаға шықты.