Ішекті, үрмелі және орыс халық аспаптары бөлімі
Бұл бөлімде жас өрендер скрипка, виолончель, саксофон, кларнет, флейта, гитара, баян және аккордеон аспаптарында ойнауды үйренеді. Оқушыларға өз ісінің шеберіне айналған 24 тәжірибелі педагог білім береді. Бөлім меңгерушісі: Гайзер Ольга Арнольдовна.
Жеке мамандық сабақтарымен қатар, оқушылар сольфеджио, музыкалық әдебиет пәндерін меңгеріп, ансамбльдік және оркестрлік орындау дағдыларын дамытады. Олар мектеп пен қалалық деңгейдегі концерттерге белсенді қатысып, түрлі байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізуде.
🎼 Бөлім ансамбльдері:
🎷 Golden Sax – саксофоншылар ансамблі (жет. Сауриков Д.М.)
🎻 Балдаурен – скрипкашылар ансамблі (жет. Кузнецова Т.М.)
🎶 Flutteria – флейташылар ансамблі (жет. Григорьева Н.М.)
🎹 Баяншылар-аккордеоншылар ансамблі (жет. Гайзер О.А.)
Педагогтар орындаушылық шеберлікті жетілдіруге, көркемдік талғамды қалыптастыруға және классикалық, халықтық, заманауи музыкаға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге ерекше көңіл бөледі. Ұстаздарының кәсібилігі мен жанқиярлығының арқасында бөлімнің оқушылары қала, республика және халықаралық деңгейдегі байқауларда үнемі мектеп абыройын асқақтатуда.
