
Жұмабаева Шолпан Амангелдіқызы
Ұстаз – бұл тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар балалардың жүрегіне өнерге, мәдениетке, рухани құндылықтарға деген сүйіспеншілікті сіңіретін тәрбиеші. Осындай асыл қасиеттерге ие педагогтердің бірі – Шолпан Амангелдіқызы Жұмабаева, Роза Бағланова атындағы №2 Балалар музыка мектебінің музыка-теориялық пәндер оқытушысы.
Шолпан Амангелдіқызы 29 жыл бойы педагогика саласында қызмет етіп келеді. 2005 жылдан бастап №2 БММ қабырғасында еңбек етуде. №32, 28, 22, 27, 54 филиалдарында жұмысын бастап, өзінің жауапкершілігімен, жоғары кәсібилігімен және ұжыммен жақсы қарым-қатынас орнату қабілетімен таныла білді.
2015–2022 жылдары музыка-теориялық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып, осы кезеңде оның басшылығымен қалалық, өңірлік және республикалық олимпиадалар ұйымдастырылды. Оның кәсібилігі мен еңбекқорлығы бұл шараларды жоғары деңгейде өткізуге ықпал етті.
Шолпан Амангелдіқызы әр оқушыға жеке көзқараспен қарайды, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін ескеріп, еркін ойлауына, сұрақ қоюына және өзін шығармашылық тұрғыдан дамытуына мүмкіндік береді. Сабақ барысында заманауи технологияларды, ойын элементтерін, жобалық әдістерді қолданып, оқыту үдерісін қызықты әрі тиімді етеді.