
Нұрғабит Сұлтанәли
Нұрғабит Сұлтанәли – Роза Бағланова атындағы №2 Балалар музыка мектебінің домбыра сыныбының дарынды оқушысы. Ол домбыраны шебер орындап қана қоймай, үнемі шығармашылық ізденіс пен табандылық танытатын еңбекқор оқушы. Ұстазы – Ниханбаева Гүлжан Марсельқызы.
Сұлтанәли өзінің өнерге деген сүйіспеншілігі мен талантының арқасында көптеген байқауларда оза шауып, жеңіс тұғырынан көрініп жүр:
🎵 «Күй қайнары-2022» қалалық күй тартысында – I орын;
🎵 «Шаттық-2023» қалалық байқауы – «Алтын» жүлде иегері;
🎵 «Жас екпін-2024» – I орын иегері.
Жеке орындаушы ретінде көзге түсіп жүрген Сұлтанәли сонымен қатар «Жас Өрен» домбырашылар ансамблінің белді мүшесі және концертмейстері. Оның сахнадағы әрбір өнер көрсетуі көрерменге ерекше әсер сыйлайды.
Сұлтанәлі – мектебіміздің ең белсенді оқушыларының бірі. Ол барлық мәдени іс-шараларға атсалысып, өзінің өнерімен мерекелік кештерді көркемдейді. Сонымен қатар, тәртібі мен жауапкершілігі жоғары, үлгілі оқушы.