
Шаутыбай Әмина –№2 Р.Бағланова атындағы балалар музыка мектебінің ең жарқын түлектерінің бірі. Оның ерекше таланты мен табандылығы Қазақстан шекарасынан тыс жерлерде де танылып, үлкен жетістіктерге жетті. 2024 жылы Амина музыкалық мектепті екі бағыт бойынша – вокал және хор дирижерлігі мамандықтарымен үздік тәмамдады. Бұл оның өнерге деген терең сүйіспеншілігі мен жан-жақты дамуға ұмтылысын айқындайды.
Клименко Анна Анатольевнаның жетекшілігімен Әмина көптеген халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы мен лауреаты атанды. Бүгінде ол Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжінде кәсіби білімін жалғастырып, музыкалық қабілеттерін шыңдап қана қоймай, өнердің жаңа қырларын меңгеруде.
Негізгі жетістіктері:
🔹 VIII Халықаралық Eurasia Piano Forum байқауы (Қазақстан, Астана, наурыз 2023 ж.)
• GRAND PRIX – «Ансамбльдік орындаушылық» номинациясы
• I орын және арнайы жүлде – «Жеке орындаушылық» номинациясы
🔹 III Халықаралық «Золотое наследие классики – 2023» байқауы (Ресей, Мәскеу, наурыз 2023 ж.)
• I орын – «Академиялық вокал (13-15 жас)» номинациясы
🔹 «Симфония белых ночей» өнер фестивалі (Ресей, Санкт-Петербург, маусым 2023 ж.)
• III орын – «Академиялық вокал» номинациясы
• III орын – «Фортепиано (соло)» номинациясы
🔹 Golden Time Talent халықаралық британдық байқауы (Ұлыбритания, Лондон, маусым 2023 ж.)
• GRAND PRIX – «Вокал A Capella» номинациясы
• I орын – «Ансамбльдік орындаушылық» (фортепиано және иллюстратор)
• I орын – «Фортепиано (соло)» номинациясы
• I орын – «Академиялық вокал (соло)» номинациясы
🔹 «Романтизм: истоки и горизонты» XIV Халықаралық орындаушылар мен композиторлар байқауы (Ресей, Мәскеу, маусым 2023 ж.)
• II орын – «Академиялық вокал (соло)» номинациясы
• III орын – «Концертмейстерлік өнер» номинациясы
🔹 IV Республикалық Prima Nota Fest академиялық байқауы (Қазақстан, Алматы, тамыз 2023 ж.)
• I дәрежелі лауреат – «Академиялық вокал» номинациясы
🔹 X Республикалық музыка-теориялық пәндер олимпиадасы (Қазақстан, Астана, қараша 2023 ж.)
• II дәрежелі диплом – «Музыкалық теория» және «Сольфеджио» пәндері
🔹 XV Ұлттық Дельфий ойындарының аймақтық туры «Silk Way Creative Games» (Қазақстан, Астана, наурыз 2024 ж.)
• I орын – «Академиялық вокал» номинациясы
• 2024 жылдың тамызында Көкшетауда өткен Республикалық Дельфий ойындарына қатысу құқығын иеленді.
Шаутыбай Амина – қазақ өнерінің болашағы зор жұлдыздарының бірі. Оның ерекше музыкалық дарыны, еңбексүйгіштігі мен кәсібилігі Қазақстанның атын әлемге танытып келеді. Өзінің талантымен, үздіксіз ізденісімен және өнерге деген махаббатымен ол әлі талай асуларды бағындырары сөзсіз!