«Тарихтың алтын парақтары»
Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыкалық мектебі 1975 жылы болашақ музыканттарды тәрбиелеу және олардың көркемдік-эстетикалық талғамын дамыту мақсатында құрылды. Целиноград қаласының Ленин ауданы депутаттар кеңесінің атқарушы комитетінің 1975 жылғы 30 қыркүйектегі №18/229 шешімімен жеті жылдық музыкалық мектеп ашылды, оның құрамы 70-80 адамнан тұратын үш бөлімнен тұрды: фортепиано, халық аспаптары (баян, домбыра) және ішекті аспаптар (скрипка). Мектептің басты міндеті – әуелден жас ұрпақтың эстетикалық көзқарасы мен көркемдік қабілеттерінің жан-жақты дамуына ықпал ететін орта деңгейдегі музыкалық оқу орнында білім алуға дайындық болатын.
Араға жылдар салып, 2022 жылдың 29 наурызындағы №107-876 бұйрыққа және Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының 2022 жылғы 18 сәуірдегі №639 қызметтік жазбасына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алулар басқармасы ережесіне сәйкес, №2 Балалар музыкалық мектебіне Қазақстан Республикасының халық әртісі Роза Бағланованың есімі беріліп, мектептің жаңа Жарғысы бекітілді.









