«Наз қоңыр» дәстүрлі әншілер ансамблі

«Наз қоңыр» дәстүрлі әншілер ансамблі 2019 жылы құрылды. Ансамбльдің жетекшісі – Бейсенова Назира Оразқызы. Алғашында алты қыздан құралған бұл ұжым кейін бастауыш сынып оқушыларының қосылуымен үлкен ансамбльге айналды. 

Ансамбльдің репертуарында қазақ халық әндері мен заманауи композиторлардың шығармалары бар. Ұжым ұлттық музыканы дәріптей жүріп, түрлі байқауларда жоғары жетістіктерге қол жеткізіп келеді. 

Жетістіктері: 

  • 2020 жыл – Н.Тілендиев атындағы V Республикалық «Өз елім» байқауы, I орын; 
  • 2023 жыл – Қалалық «Шырқалады әсем ән» байқауы, I орын; 
  • 2023 жыл – Халықаралық «Түркі әлемі» байқауы, I орын; 
  • 2023 жыл – Республикалық Дельфий ойындарының «Алтын медаль» иегерлері.