Мерекеев Асхат Мейірманұлы

вокал бөлімінің оқытушысы, жас өнерпаздарды тәрбиелеуге зор үлес қосып жүрген жас маман. 

Асхат Мейірманұлы 1994 жылы Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. 2010–2014 жылдары Жезқазған музыкалық колледжінде музыкалық білім бөлімін үздік дипломмен тәмамдады. 2014–2018 жылдары Қазақ Ұлттық Өнер университетінің музыкалық білім беру бөлімін үздік дипломмен аяқтады. 

2016 жылдан бастап өнер саласында ұстаздық қызмет етіп келеді. 2018 жылдан бері Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебінде вокал бөлімінің оқытушысы болып жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде көптеген дарынды шәкірт тәрбиелеп, болашақ жұлдыздардың өнер жолында биікке самғауына ықпал етіп келеді. Бүгінде оның екі түлегі Қазақ Ұлттық Өнер университетінің колледжінде вокал мамандығы бойынша білім алуда. 

Жетістіктері: 

  • 2023 ж. – Астана қ. «Аманат» партиясының «Байқоңыр» аудандық филиалының атқарушы хатшысынан алғыс хат; 
  • 2024 ж. – Астана қ. Білім басқармасының басшысынан алғыс хат; 
  • 2024 ж. – «Байқоңыр» ауданы әкімінің орынбасарынан алғыс хат; 
  • 2020 ж. – «Үздік ұстаз» жұлдыз халықаралық өнер байқауының алғыс хаты; 
  • 2019 ж. – «Бала шабыты» халықаралық вокал байқауында «Үздік ұстаз» атағы; 
  • 2019 ж. – II Халықаралық фестиваль-байқауының дипломы; 
  • 2020 ж. – «Үздік ұстаз» республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауының дипломы; 
  • 2021 ж. – Халықаралық «Жұлдызды бала» өнер байқауының құрмет дипломы; 
  • 2017 ж. – «Үздік музыка сабағы» сайысының I дәрежелі дипломы; 
  • 2023 ж. – X қалалық «Үміт жұлдыздары» эстрадалық вокал байқауының дипломы; 
  • 2023 ж. – III Республикалық «ЖанДостар» өнер байқауының алғыс хаты; 
  • 2023 ж. – Халықаралық «Зимняя сказка» фестиваль-байқауының дипломы; 
  • 2023 ж. – Республикалық «Жұлдыз» байқауының құрмет дипломы; 
  • 2023 ж. – «Самға, Қазақстаным» халықаралық байқауының дипломы; 
  • 2022 ж. – «Бақытты елдің ұрпағы» халықаралық байқауының алғыс хаты; 
  • 2022 ж. – I Республикалық «Тәуелсіз елдің ұланы» байқауының алғыс хаты; 
  • 2022 ж. – Қазақстан-Түркия-Ресей халықаралық конкурс-фестивалінің алғыс хаты; 
  • 2024 ж. – «Жарқыра, жұлдыз» халықаралық өнер байқауында «Үздік ұстаз» атағы; 

2024 ж. – Халықаралық «Ғажайып жұлдыздар» эстрадалық вокал байқауының алғыс хаты.