Жүсіпова Аида Төлегенқызы

фортепиано сыныбының оқытушысы, 35 жылдық педагогикалық тәжірибесі бар. Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебінде – 16 жыл. 

2010-2011 жылдары – тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, 2011-2014 жылдары – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.  

  • Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің Құрмет грамотасымен, 
  • «Шаттық» Дельфий ойындарының 10 жылдығына арналған медальмен, 
  • Астана қаласы әкімдігі мен РҚББОӘО-ның алғыс хаттарымен марапатталған. 

ЮНЕСКО клубындағы қызметі 

Аида Төлегенқызы №2 балалар музыка мектебінің ЮНЕСКО клубына қосылуына бастамашы болды. 2016 жылдан 2021 жылға дейін мектеп клубының хатшысы ретінде қызмет етті. ЮНЕСКО клубының жұмысы мектептің Қазақстан мен шет елдердегі танымалдылығын арттыруға ықпал етті. №2 БММ Қазақстанның ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының дипломдарымен бірнеше рет марапатталды. 

Ғылыми-әдістемелік жұмысы 

Аида Төлегенқызы фортепиано бөлімінің әдістемелік жұмысына белсенді қатысады. Оның мақалалары «Музыкалық білім: тарих, теория, тәжірибе, инновациялар», «Музыкалық білім беру мәселелері» ғылыми жинақтарда және «Елорда білімі» мерзімді басылымында жарияланған. 

Шәкірттерінің жетістіктері 

Оқушылары жыл сайын халықаралық, республикалық және қалалық байқаулардың лауреаттары мен дипломанттары атанады: 

  • «Астана-Арай», 
  • Ғ. Жұбанова атындағы байқау, 
  • «Жас жұлдыз», 
  • «Музыка әлемі», 
  • «Viva-music». 

Концертмейстерлік қызметі 

Аида Төлегенқызы 10 жыл бойы педагогикалық қызметпен қатар концертмейстерлік қызметті де атқарды. Ол «Fresco» хорының (жетекшісі Клименко А.А.) концерттерінде Астана, Алматы, Павлодар, Санкт-Петербург, Қазан қалаларында өнер көрсетті. 

Бірнеше жыл қатарынан Астана қаласы хор ұжымдарының байқауында «Үздік концертмейстер» номинациясының жеңімпазы атанды. 

Композиторлық шығармашылығы 

Негізгі қызметінен бөлек, Аида Төлегенқызы музыка жазумен айналысады. Астанаға көшпес бұрын ол Қарағанды облысының әуесқой композиторлар қауымдастығының мүшесі болған. 

Авторлық жинақтары: 

  • «Скрипкашылар ансамбліне арналған пьесалар», 
  • «Әр әнде күн шуағы» (Б. Бугинастың сөзіне жазылған). 

Оның әндері, эстрадалық әуендері және ішекті аспаптарға арналған шығармалары музыкалық мектептерде орындалуда және көптеген шығармалары интернеттегі музыкалық платформаларда қолжетімді.