Олжабай Жәнібек Талғатұлы

жас маман, домбыра сыныбының оқытушысы, педагог-модератор, №2 балалар музыка мектебінің ұстазы. 

Жәнібек Талғатұлы 2009–2013 жылдары Біржан Сал атындағы Музыкалық колледжде білім алып, «Қазақ халық аспаптары (домбыра-тенор)» мамандығы бойынша оқып, балалар музыка мектебінің оқытушысы, оркестр және ансамбль әртісі біліктілігін алып шықты. 2013–2017 жылдары Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде «Дәстүрлі музыкалық өнер: халық аспаптары – Домбыра» мамандығы бойынша білім алып, бакалавр дәрежесін иеленді. 2017–2019 жылдары Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде «Мәдениеттану» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдап, гуманитарлық ғылымдар магистрі атанды. 

Еңбек жолы: 

2011–2013 жж. – Ақмола облыстық филармониясының Қазақ ұлттық оркестрінің әртісі (Көкшетау қ.); 
2019–2020 жж.Зеренді балалар музыка мектебінің домбыра сыныбының оқытушысы (Ақмола обл.); 
2020–2021 жж.Жеке студияда домбыра сыныбының оқытушысы (Астана қ.); 
2021 жылдан бастап№2 Музыкалық мектептің домбыра сыныбының оқытушысы (Астана қ.). 

Жетістіктері: 

2019 ж. – Азербайжан Республикасы Білім министрлігінің қолдауымен Азербайжан Мемлекеттік Мәдениет және Өнер Университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында біліктілікті арттыру сертификаты (Баку қ.). 
2022 ж. – Бірнеше республикалық және қалалық іс-шараларда марапаттарға ие болды, оның ішінде: 
«Отан қорғаушылар күніне» орай білім беру саласына қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы (07.05.2022); 
«Қазақ ұлттық музыка аспаптарына оқыту технологиялары» курсын аяқтағаны үшін сертификат (27.05.2022); 
«Balapan әлемі» республикалық фестивалінде шәкірт дайындағаны үшін алғыс хат (2022); 
2023 ж. –  

«Жаңа жылым жарқыра!» республикалық байқауында белсенділігі үшін Құрмет грамотасы; 
«Жас Екпін» II қалалық жас орындаушылар байқауында шәкірт дайындағаны үшін Диплом; 
2024 ж. – 
«Жапырақ жүрек» Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған республикалық байқауда шәкірт дайындағаны үшін марапат; 
«Кең дүние, төсіңді аш…» республикалық өнер байқауында белсенділігі үшін Алғыс хат. 

Оқушыларының жетістіктері: 

Мұхамедиева Томирис Азаматқызы: 
«Абыз домбыра» III Республикалық күйшілер байқауы – Алғыс хат (2022); 
«Абыз домбыра…» IV Республикалық күйшілер байқауы – Диплом (2023). 
Аманбай Дидар Мадиярұлы: 
«Абыз-домбыра…» V Республикалық күйшілер байқауында Арнайы жүлде – Лұқпан Мұхитов атындағы сыйлық (2024). 
Кенжетай Ахметали Саяхатұлы: 
«Абыз-домбыра…» V Республикалық күйшілер байқауына қатысқаны үшін Диплом (2024).