Қазақ халық аспаптары бөлімі
Қазақ халық аспаптары бөлімі мектеп ашылған күннен бастап жұмыс істейді. Бөлімде жыл өткен сайын ұлттық аспапты меңгергісі келетін балалардың саны артып келеді. Бүгінде 300-ден астам оқушы домбыра, қобыз, қыл-қобыз, жетіген аспаптарында орындаушылық шеберліктерін шыңдап, домбырамен ән айту мамандығы бойынша білім алуда.
Бөлім меңгерушісі – Зайнуллинова Айгүл Есентайқызы.
🔹 Жетістіктер:
Қазақ халық аспаптары бөлімінің оқушылары қалалық, республикалық, халықаралық байқаулар мен фестивальдерде жоғары жетістіктерге жетуде.
🔹 Ұлттық өнерді дамыту жолы:
📌 Бөлімнің басты мақсаты – қазақ халқының музыкалық дәстүрлерін сақтап, дамыту.
📌 Ұстаздар заманауи әдістер мен мультимедиялық технологияларды қолдана отырып, дәстүрлі шығармаларды заманауи аранжировкалармен ұсынады.
📌 Бұл қазақ музыкасын жастар арасында кеңінен насихаттауға, ұлттық мәдениетті әлемдік деңгейде ілгерілетуге ықпал етеді.
🔹 Ұжымдар мен ансамбльдер:
Қазақ халық аспаптар оркестрі – дирижер Стамғазы А.Ж.
«Ел орда» ансамблі – жетекші Керейбаева К.О.
«Шабыт» домбырашылар ансамблі – жетекші Зайнуллинова А.Е.
«Көк жендет» домбырашылар ансамблі – жетекші Сыздыков А.К.
«Бүлдірген» жетігеншілер ансамблі – жетекші Самарханова Н.Б.
«Жас өрен» домбырашылар ансамблі – жетекші Ниханбаева Г.М.
«Жас қыран» домбырашылар ансамблі – жетекші Құрманғалиева А.А.
«Назқоңыр» дәстүрлі әншілер ансамблі – жетекші Бейсенова Н.О.
Қазақ халық аспаптары бөлімі – ұлттық музыканың алтын бесігі!🎵
