Бобкова Олеся Ивановна

жоғары санатты хор дирижері және жалпы фортепиано оқытушысы, 32 жылдық педагогикалық еңбек өтілі бар тәжірибелі маман. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды музыкалық оқыту және дамыту саласында үлкен үлес қосып келеді.

Музыка ерекше балалар үшін тек шығармашылық өзін-өзі көрсету құралы ғана емес, сонымен қатар олардың ойлау қабілетін, ұсақ моторикасын және эмоционалдық тепе-теңдігін дамытудың тиімді әдісі болып табылады. Олеся Ивановна әрбір оқушыға жеке тәсіл қолдана отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін ашуға және музыкалық әлеуетін дамытуға көмектеседі. Оның оқушылары республикалық және халықаралық байқауларда жоғары жетістіктерге жетуде:

· Мустафин Аблай

o 2021 ж. – «ОNERPAZ BOLSAN» байқауының жеңімпазы, номинация «Аспаптық өнер» (500 000 тг сертификат);

o 2024 ж. – «Golden Time Talent» халықаралық байқауы (Англия) – Гран-при.

· Нурланулы Абай

o 2019 ж. – «Ритмы Улитки» (Польша) IV халықаралық фестивалінің финалисті, MED-EL компаниясының «RONDO» сөйлеу процессоры-жүлдесіне ие болды.

· Мукажанова Анель

o 2024 ж. – VI Республикалық «Жан Достар» конкурсының Гран-при иегері.

Олеся Ивановна үшін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс – бұл тек кәсіби міндет емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік пен жүрекпен атқарылатын еңбек. Ол әр баланың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың мүмкіндіктерін барынша дамытуға көмектеседі. Оның тәжірибесі инклюзивті білім берудің маңыздылығын дәлелдеп, ерекше балалардың қоғамда өз орнын табуына ықпал етеді.