Гайзер Ольга Арнольдовна

баян сыныбының оқытушысы, жоғары санатты педагог. 

Ол Целиноград облысы, Астраханка ауылындағы балалар музыка мектебінің түлегі. 
1983 жылы Целиноград музыкалық училищесін тәмамдап, баян сыныбының оқытушысы, орыс халық аспаптары оркестрінің жетекшісі біліктілігін алды. 
2006 жылы Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетін сырттай оқып бітіріп, музыка пәнінің мұғалімі мамандығын меңгерді. 

Еңбек жолы 
Ольга Арнольдовна 42 жылдық педагогикалық тәжірибеге ие. 1998 жылдан бері Р. Багланова атындағы №2 балалар музыка мектебінде баян сыныбының оқытушысы болып жұмыс істейді. 

Ұстаздық қызметінде көптеген дарынды шәкірттер тәрбиелеп шығарды. Оның оқушылары жыл сайын қалалық, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары мен жүлдегерлері атанып, жоғары нәтижелер көрсетуде. 

Кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісінің арқасында баян сыныбындағы білім беру әдістемесін жетілдіріп, шәкірттерінің музыкалық қабілеттерін дамытуда жоғары жетістіктерге қол жеткізуде.