«Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебі» ШЖҚ МКК Астана қаласы, Ш. Айманов көшесінде орналасқан, жалпы ауданы 1914,2 ш.м. Ғимаратта 35 оқу кабинеті, 50 орындық акт залы, кітапхана, әдістемелік кабинет, бухгалтерия бар. Мектептің жобалық қуаты – 650 оқушы.

Қазіргі уақытта мектептің 15 филиалы бар, олар №4, 10, 22, 27, 32, 35, 46, 48, 54, 78, 92 жалпы білім беру мектептерінде, сондай-ақ «Муз Әлем» ерте музыкалық даму орталығы, «Жылы ой», «Нұра» және «Түркістан» БЦ-да орналасқан.

Мектеп толыққанды бастауыш музыкалық білім берудің оқу бағдарламасын мемлекеттік және орыс тілдерінде 16 мамандық бойынша жүзеге асырады:

  1. «Фортепиано» (7 жыл);

  2. «Скрипка» (7 жыл);

  3. «Баян» (5 жыл);

  4. «Флейта» (5 жыл);

  5. «Саксофон» (5 жыл);

  6. «Вокал» (5-7 жыл);

  7. «Гитара» (5 жыл);

  8. «Аккордеон» (5 жыл);

  9. «Виолончель» (7 жыл);

  10. «Домбыра» (5 жыл);

  11. «Жетіген» (5 жыл);

  12. «Қобыз» (5 жыл);

  13. «Қыл қобыз» (5 жыл);

  14. «Кларнет» (5 жыл);

  15. «Дәстүрлі ән» (5 жыл);

  16. «Хор».

Мектепте оқу ақылы, сондай-ақ жеңілдікпен және тегін негізде жүргізіледі:

  • жетім балалар үшін – тегін;

  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін – тегін;

  • көпбалалы отбасылардың балалары үшін – 50% жеңілдік.

Оқу кабинеттері музыкалық аспаптармен, көрнекі құралдармен, мектеп жиһаздарымен жабдықталған.

Мектеп кітапханасында ноталық басылымдар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, теориялық пәндер бойынша оқулықтар, энциклопедиялар, конференциялар мен семинарлар материалдары, өнер туралы кітаптар бар және үнемі толықтырылып отырады.

«Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебіне» оқушыларды қабылдау «Mindal24» платформасы арқылы жүргізіледі. Ата-аналар өз баласын Қазақстанның кез келген жерінен жеке кабинет арқылы тіркей алады. Ол үшін ED24.KZ мобильді қосымшасын жүктеу қажет. Қосымшада телефон нөмірі сұралады, ол мобильді деректер базасында тіркелуі тиіс. Әр ата-ана баласын жеке кабинет арқылы қосымша білім беру ұйымына тіркей алады.

Мектеп оқушыларды өзі тіркей алмайды, тіркеу коды тек ата-ананың жеке телефон нөміріне SMS арқылы жіберіледі. Егер порталдағы бос орындар бар болса, ата-ана SMS арқылы бірден хабарлама алады.

Құжаттар тізімі:

  1. 3×4 өлшеміндегі фото;

  2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

  3. Ата-анасының жеке куәлігінің көшірмесі;

  4. №027/у медициналық анықтамасы.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар барлық үйірмелерге кезексіз қатыса алады. «Mindal24» платформасы арқылы тегін үйірмелерге жазылып, жеңілдікті растау үшін мүгедектігі туралы медициналық анықтаманы жүктей алады.

Мектеп жаңалықтары туралы ақпаратты мына жерден алуға болады:

  • Ресми сайт: astana@dmsh2.edu.kz

  • Instagram: https://www.instagram.com/music_school_2ast/

  • Facebook: https://www.facebook.com/dmsh2astanaUCclub/