«Жас Өрен» домбырашылар ансамблі

«Жас Өрен» домбырашылар ансамблі 2013 жылы №70 мектеп жанындағы филиалда құрылды. Ансамбль құрылғалы бері республикалық, қалалық және мектепішілік концерттерге белсенді қатысып келеді. 2013-2022 жылдар аралығында ансамбльді Ниханбаева Карлыға Жұмаханқызы басқарды. 2022 жылы ол Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебінің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары болып тағайындалды. Сол жылдан бастап ұжымға Ниханбаева Гүлжан Марсельқызы жетекшілік етуде. 

Жетістіктері: 

2022 ж.Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебінің «Құрмет» ордені; 
2018 ж.«Шаттық» байқауының алтын медалі; 
2022 ж.«Шаттық» байқауының алтын медалі; 
2022 ж.«Жас Талап» республикалық байқауының I орын дипломы; 
2023 ж.«Асыл Мұра» байқауының Гран-при иегері; 
2023 ж.«Түркі Әлемі» халықаралық байқауының I орын дипломы; 
2024 ж.«Шаттық» байқауының алтын медалі; 

«Жас Өрен» ансамблі – қазақтың дәстүрлі музыкасын дәріптеп, өнер әлемінде өз орнын қалыптастырып келе жатқан талантты домбырашылар ұжымы.