
Пак Луиза Григорьевна
Пак Луиза Григорьевна – Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебінің зерттеуші-педагогі. 38 жылдық педагогикалық тәжірибесі бар фортепиано сыныбының оқытушысы.
Ол Целиноград қаласындағы (қазіргі Астана) Ленин ауданының №2 балалар музыка мектебінің түлегі. Белай (Столярова) Татьяна Владимировна сыныбында оқыған. 1982 жылы жетіжылдық оқуын аяқтап, Целиноград музыка училищесіне түседі. Оқу орнын бітіргеннен кейін сол жерде еңбек жолын бастап, дирижерлік, ішекті және халық аспаптары бөлімдерінде концертмейстер болып жұмыс істеді.
Луиза Григорьевна 1986-2000 жылдары Қазақ ұлттық музыка академиясында жалпы фортепиано бөлімінің концертмейстері және оқытушысы қызметін атқарды.
2000 жылдан бастап ол №2 балалар музыка мектебінде еңбек етіп, фортепиано пәнінен сабақ береді және концертмейстер қызметін атқарады. Оның шәкірттері – халықаралық, республикалық және қалалық байқаулардың лауреаттары.
Ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметі
Луиза Григорьевна – «Қарапайымнан күрделіге» атты фортепианолық шығармалар жинағы мен «Қазақстан композиторларының пьесалары» жинағының автор-құрастырушысы.
Оның оқушылары Прага (Чехия), Шарджа (БАӘ), Батуми (Грузия), Астана (ҚазҰӨУ) сияқты қалаларда өткен халықаралық байқауларда жеңімпаз атанды. Сондай-ақ «Жас жұлдыз», «Астана-Арай», «Морозко», Газиза және Ахмет Жұбановтар атындағы байқаулар сынды республикалық және қалалық өнер додаларының лауреаттары.
Музыка мектебін үздік аяқтап, өнер жолын жалғастырған шәкірттері қатарында Айткулова Амира, Баётов Олжас, Сургутская Дарина бар.
Марапаттары мен жетістіктері
Луиза Григорьевна – білім беру басқармасының Құрмет грамоталарының және алғыс хаттарының иегері. Оның мақалалары «Елорда білім», «Білім елі» басылымдарында жарық көрген.
Л.Г.Пак жекелеген оқыту әдісін қолдану арқылы әрбір оқушының қабілетін ашуға ықпал етеді. Креативті көзқарас ұстана отырып, музыкалық материалды оқушының ерекшеліктеріне бейімдеп, олардың өзін-өзі сенімді сезінуіне, шығармашылық әлеуетін дамытуына жағдай жасайды. Ұстаз үшін ең бастысы – әр шәкіртінің өнерді сүюі және сол арқылы өзін табуы.