Вокал-хор бөлімі

Вокал-хор бөлімі – бұл шығармашылық және ұжымдық жұмысқа негізделген дарынды педагогтер мен оқушылардың топтастырылған ұжымы. 2013 жылы құрылған бөлім жаңа шығармашылық идеяларды енгізе отырып, алдыңғы буынның дәстүрлерін сақтап келеді. Бөлім жетекшісі: Сабикова Әлия Амантайқызы. 

✨ Бұл бөлімде оқушылар хор, эстрадалық вокал, академиялық вокал бағыттары бойынша білім алады. Әр жыл сайын 400-ден астам оқушы мен 10-нан астам хор және вокалдық топтар қала, республика және халықаралық деңгейдегі конкурстарға қатысады. 

🎼 Белгілі хор ұжымдары: 
🎵 «Көркем» хоры (жет. Курмангожинова Ж.У.) 
🎶 «Самал» кіші хоры (жет. Кизима Э.В.) 
🎤 «Фреска» хор ұжымы (жет. Клименко А.А.) 

Бөлімнің оқушылары Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Түркия, БАӘ және Еуропадағы беделді байқаулардың лауреаттары. 

Аргингазинова Г.Б., Сыздыкова Б.А. және басқа да вокал педагогтері оқушылармен жоғары деңгейде жұмыс істеп, оларға сапалы музыкалық білім беріп, жаңа жеңістерге жетелеуде.