«AUEZ» триосы
«AUEZ» триосы– вокал бөлімінің әнші қыздарынан құралған шығармашылық топ. 2021 жылы Роза Бағланова атындағы №2 Балалар музыка мектебінде құрылды. Топ жетекшісі – Мерекеев Асхат Мейірманұлы. Трионың негізгі мақсаты – оқушылардың музыкалық қабілеттерін шыңдап, үлкен сахналарға жол ашу, өнер әлеміндегі алғашқы қадамдарын жасау. Бұл ұжымның ерекшелігі – халықтың жүрегінен орын алған ескі әндерді жаңа өңдеуде, заманауи стильде орындауы.
Өткен төрт оқу жылы ішінде «AUEZ» триосы көптеген жетістіктерге жетіп, өзін түрлі өнер додаларында жоғары деңгейде көрсете білді. Топ телевизиялық жобаларға шақырту алып, «Balapan Live», «Қазақстан: балалар дауысы» секілді танымал бағдарламаларға қатысты. Сонымен қатар, қалалық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Трио мүшелері үш жыл қатарынан мектептің есеп беру концертінде өз өнерлерін көрсетті.
Трио түлектері өз өнерлерін шыңдау мақсатында оқуын жалғастырып, қазіргі таңда екеуі ҚазҰӨУ жоғары оқу орнында білім алуда.
Жетістіктері:
- Х қалалық «Үміт жұлдыздары» эстрадалық вокал байқауы – І орын (2023 ж.)
- «Жан DoStar» ІІІ республикалық өнер фестивалі – Гран-при (2023 ж.)
- «Жұлдыз» республикалық конкурс-фестивалі – І орын (2022 ж.)
- «Самға, Қазақстаным» халықаралық байқауы – І орын (2023 ж.)
- «Тәуелсіз Қазақстан» республикалық балалар байқауы – ІІ орын (2021 ж.)



