Керейбаева Күляш Орынбекқызы

Керейбаева Күляш Орынбекқызы – Қазақстанның музыка саласына зор үлес қосқан ұлағатты ұстаз. Ол 1955 жылы 9 мамырда Ақмола облысы, Ақмола ауданы, Буденное ауылында дүниеге келген. Музыкаға деген махаббаты оны білім мен өнер жолына жетеледі. 

Өзінің еңбек жолын 1974 жылы Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы музыкалық училищені «Қобыз» мамандығы бойынша тәмамдаған соң бастап, әртүрлі мәдени мекемелерде қызмет атқарды. 1981 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы педагогикалық институттың ән-күй бөлімін, ал 1987 жылы Тәттімбет атындағы музыкалық училищенің «Домбыра» мамандығын аяқтады. 

1981 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласындағы Роза Бағланова атындағы №2 Балалар музыка мектебінде қазақ халық аспаптары бөлімінде «Домбыра» аспабынан дәріс беріп келеді. Ол осы уақытқа дейін «Балдәурен» оркестрін және «Елорда» фольклорлық ансамблін басқаруда. Ұстаздың еңбегі еленіп, 2000 жылы «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі» атағына ие болды. 

Күляш Орынбекқызы – көптеген дарынды шәкірттер тәрбиелеп шығарған білікті ұстаз. Оның шәкірттері бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде қазақтың ұлттық музыкасын дәріптеуде: 

  • Зайнуллинова Айгүл Есентайқызы – Роза Бағланова атындағы №2 Балалар музыка мектебінің «Қазақ халық аспаптары» бөлімінің меңгерушісі. 
  • Мырзакулова Маралжан Қазбекқызы – Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік музыкалық драма театрының бас дирижері.  
  • Құралай Шонаева – Германия мемлекетінде. 
  • Құмаров Есенғали – Словакия мемлекетінде. 
  • Төлеужан Нұржан – Түркия мемлекетінде. 
  • Ахметова Дина – Франция мемлекетінде. 
  • Алия Шайкенова – Гонконг мемлекетінде. 
  • Серікпаева Инара – Жапония мемлекетінде. 
  • Ерік Нұрасыл – Польша мемлекетінде. 
  • Құмарова Рахиля – Италия мемлекетінде. 
  • Мурзалинова Дильназ – Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің жоғары курс студенті. 

Осылайша, Күляш Орынбекқызының еңбегі тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де өз жемісін беріп, ұлттық өнеріміздің әлемге танылуына ықпал етуде.