«Балдәурен» халық аспаптар оркестрі
«Балдәурен» халық аспаптар оркестрі құрамына домбыра-тенор, прима-қобыз,
домбыра-прима, шертер, қыл қобыз, бас қобыз, флейта, бас-домбыра, сырнай аспаптары кіреді. Ұжымның дирижері және көркемдік жетекшісі – Стамғазы Архат Жеңісұлы.
Оркестрдің репертуары жыл сайын жаңарып, қазақ халық композиторларының шығармаларымен, әлемдік классикалық туындылармен толықтырылып отырады. Соңғы жылдары оркестр Т.Тілендиевтің «Аққу», «Әл-қисса», «Махамбет», М.Танлиннің «Пастораль», Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым», Ramin Djawadi-дің «Game of Thrones» шығармаларын орындап, түрлі байқаулар мен мектептің есептік концерттерінде жоғары деңгейде орындады.
Жетістіктері:
- Н.Тілендиев атындағы ансамбльдер және оркестрлер байқауы – Гран-при, І орын, ІІІ орын (әр жылдары);
- Ғазиза Жұбанованың 95 жылдығына арналған IV Республикалық музыкалық өнер байқауы – ІІ орын лауреаты (Ақтөбе қ.);
- Халықаралық «Summer Tashkent Festival» – Гран-при (Ташкент қ.);
- ЮНЕСКО клубтары федерациясының қолдауымен өткен «Балалар мұрасы» байқауы – ІІ орын лауреаты.


