
Ли Владислав Владимирович
Астана қаласы әкімдігінің «Роза Бағланова атындағы №2 Балалар музыкалық мектебі» ШЖҚ МКК директоры
Туған жылы: 12.03.1978 ж.
Білімі:
- Жоғары (2010–2014 жж.) – Челябі мемлекеттік педагогикалық университеті, Челябі қ., РФ, «Халықтық көркем мәдениет – Хореография» мамандығы.
- Магистратура (2018–2020 жж.) – Оңтүстік Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті, «Педагогикалық білім беру» мамандығы
Ли Владислав Владимирович 2021 жылдың маусым айынан бері №2 Балалар музыкалық мектебінің директоры қызметін атқарып келеді. Осы уақыт ішінде Владислав Владимирович өзін жоғары жауапкершілікке ие, ұйымдастырушылық қабілеті зор, талапшыл әрі іскер басшы ретінде танытты. Жұмыс барысында стратегиялық ойлау дағдыларын көрсете отырып, ұжыммен тиімді қарым-қатынас орната біледі.
Тиянақты, ұқыпты, кез келген жағдайға жылдам бейімделе алатын көшбасшы. Басқарушылық шешімдерді өз бетінше қабылдап, күрделі міндеттерді нәтижелі шешуге қабілетті. Әріптестерімен және қызметкерлерімен қарым-қатынаста сыпайы, ілтипатты және әділ. Ұжым ішінде оң психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етіп, әріптестерінің кәсіби даму жолында үнемі қолдау көрсетеді.
В.В.Ли жетекшілігімен мектеп музыкалық білім беру саласында жоғары жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Педагогтердің кәсіби өсуіне ерекше назар аударып, олардың республикалық және халықаралық деңгейдегі байқауларға, семинарларға, шеберлік сабақтарына қатысуын қолдайды. Сонымен қатар, жас әрі талантты мамандарды жұмысқа тартып, мектептің кадрлық әлеуетін күшейтуге үлес қосуда.
Ли Владислав Владимирович – әріптестері, оқушылар мен ата-аналар арасында беделді, әділ және талапшыл басшы. Білім беру саласына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Астана қаласы Білім басқармасы, РҚББОӘО және өзге де ұйымдардың алғыс хаттары мен грамоталарымен марапатталған.