
Самарханова Назерке Білімбекқызы
Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебінің домбыра және жетіген сыныбының оқытушысы. Жас ұстаз өз жұмысында шәкірттерінің талантын ашуға, олардың ақыл-ойын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және ұлттық мәдениетті бойларына сіңіруге ерекше көңіл бөледі.
Назерке Білімбекқызы – Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының түлегі, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының стипендиаты.
Жетістіктері:
- Құрманғазы атындағы IX Республикалық халық аспаптарында орындаушылар байқауының лауреаты (III дәрежелі);
- Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы IV Республикалық халық аспаптарында орындаушылар байқауының лауреаты (II дәрежелі);
- 2024 жылы Қосымша білім беру педагогтері арасында өткен «Алтын жүрек» Республикалық байқауының жүлдегері (III дәрежелі);
2024 жылы «Оқу-тәрбие үрдісінде білім алушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру» халықаралық этнофорумында озық тәжірибесімен бөлісіп, ерекше көзге түсті.
Назерке Білімбекқызы – талантты ұстаз, кәсіби орындаушы, мәдениеті мен коммуникативтік қабілеті жоғары маман. Оның жетекшілігімен «Бүлдірген» жетігеншілер ансамблі құрылып, түрлі байқауларда сәтті өнер көрсетуде. Ұстаздың басты ұстанымы – әрбір шәкіртінің білім алуына, өз мақсатына жетуіне және олардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал ету.