Ералы Айтуар

Ералы Айтуар – ұлттық өнерді жанына серік еткен дарынды жас өнерпаз, домбыра сыныбының оқушысы. 

Домбыраның үніне ерекше ғашық болған ол бала кезінен күй тартуға қызығып, өнер жолында үлкен жетістіктерге жетіп келеді. Ұстазы Керейбаева Күляш Орынбекқызының жетекшілігімен шеберлігін шыңдап, республикалық және халықаралық байқауларда жүлделі орындарға ие болуда. 

Жетістіктері: 

2022 жыл: 

  • XI Қалалық «Күй қайнары» байқауы – II орын; 

2023 жыл: 

  • XVI Қалалық «SHATTYQ-2023» байқауы – II орын; 
  • II Қалалық «Жас Екпін» байқауы – I орын; 
  • XII Қалалық «Күй қайнары» байқауы – БАС ЖҮЛДЕ. 

2024 жыл: 

  • XVII Халықаралық өнер байқауы «Жас Дарын»Гран-При; 
  • V Республикалық орындаушылар байқауы «Отанның әні» (Қазақ ұлт аспаптары номинациясы) (Павлодар қ.) – I дәрежелі диплом
  • Халықаралық балалар өнер байқауы «Звёзды Столицы»БАС ЖҮЛДЕ; 
  • III Қалалық «Жас Екпін» (Домбыра номинациясы) – II дәрежелі диплом; 
  • «Күмбірле, қоңыр домбыра» күйшілер байқауы – БАС ЖҮЛДЕ. 

Домбыра – Айтуардың ең сенімді серігі. Ол әр күйді ерекше сезіммен орындап, тыңдарманға қазақ музыкасының сұлулығын жеткізуге тырысады. Алдағы уақытта да үлкен белестерді бағындырып, ұлттық өнердің нағыз шебері атанарына сенімдіміз!