Ансат Алуа

Ансат Алуа – Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебінің 5-сынып оқушысы. Кішкентай кезінен домбыраның сырлы әуеніне ғашық болып, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып келеді. Ұстазы Ниханбаева Карлыға Жұмаханқызының жетекшілігімен күй өнерін терең меңгеріп, түрлі байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр. 

Жетістіктері: 

2022 жыл: 

  • Қалалық «Асыл мұра» байқауы – I орын 
  • Әлшекей Бектібайұлы атындағы байқау («Жас өрен» домбырашылар ансамблінің мүшесі ретінде) – I орын; 
  • «Түркі әлемі» халықаралық байқауы («Жас өрен» домбырашылар ансамблінің мүшесі ретінде) – I орын; 

2023 жыл: 

  • Қалалық «Күй қайнары» байқауы – БАС ЖҮЛДЕ; 
  • Республикалық «Жас екпін» байқауы – I орын; 
  • «Асыл мұра» байқауы («Жас өрен» домбырашылар ансамблінің мүшесі ретінде) – БАС ЖҮЛДЕ; 

2024 жыл: 

  • “FARABILAND” байқауы – I орын; 
  • Қалалық «Жас талап» байқауы («Жас өрен» домбырашылар ансамблінің мүшесі ретінде) – III орын; 
  • «Күй күмбірі» байқауына қатысып, ҚР ОАМ сертификатын иеленді. 

Домбыраның қоңыр үнімен талайды таңғалдыра білетін Алуа – мектебінде өзінің ерекше дарынымен көзге түсіп жүрген жас талант. Біз оның болашақта биік белестерді бағындыратынына сенімдіміз!