«FLUTTERIA» ансамблі
«Flutteria» ансамблі 2017 жылы құрылды. Ұжымның жетекшісі – Григорьева Нина Михайловна, концертмейстер – Чечнёва Ольга Геннадьевна. Ансамбль көптеген қалалық, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған.
2024 жылы «Flutteria» ансамблі Қазақстанның балалар музыка мектептері арасындағы ең беделді байқаулардың бірінде Бас жүлде иеленді. Жоғары орындаушылық шеберлік, ерекше артистизм және ұжымдық үйлесімділік ансамбльге мектеп намысын абыроймен қорғап, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болуға мүмкіндік берді.
Жас музыканттар күн сайын өз шеберліктерін шыңдап, күрделі шығармаларды меңгеріп, біртұтас ұжым ретінде талмай еңбектенуде. Олардың әрбір жеңісі – еңбекқорлықтың, ұстаздардың қолдауының және музыкаға деген шынайы сүйіспеншіліктің жемісі. Ансамбль өз шығармашылық жолын жалғастырып, жаңа асуларды бағындыруға ұмтылуда.



