
Жуаспай Әлихан Әлментайұлы
жас маман, эстрадалық вокал пәнінің оқытушысы.
Қазақ ұлттық өнер университетінің «Музыкалық білім» мамандығы бойынша түлегі, сондай-ақ Ресейдің Омбы қаласындағы ОМГПУ педагогикалық ғылымдар магистрі. Всероссийский ғылыми-зерттеу байқауының «Музыкалық мәдениет» номинациясы бойынша І дәрежелі лауреаты. Қазақ ұлттық өнер университетінің ұйымдастыруымен өткен «VIII Боранбаев оқулары: Жаһандық әлемдегі көркемдік білім берудің басты бағыты ретінде тарихи сананы жаңғырту» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қатысушысы.
2020 жылдан бері Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебінде еңбек етеді. Біліктілік санаты – педагог-модератор.
Оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі вокалдық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Атап айтқанда:
- ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған «Жас музыканттар» байқауында Ахмадиева Сымбат – І орын, Магай Даяна – ІІ орын, Ислямова Медина – ІІІ орын, Қаби Саида – ІІІ орын.
- «Жан ДоStar» (Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған) байқауында Магай Даяна – Гран-при, Бутинова Азалия – І орын, Ахмадиева Сымбат – І орын, Ислямова Медина – ІІ орын.
- XI қалалық «Үміт жұлдыздары» эстрадалық вокал байқауында Ахмадиева Сымбат пен Ислямова Медина – І орын.
- III қалалық «New Voice» вокалдық байқауында Муглаева Медина және Қаби Саида – ІІІ орын.
- Н.Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Біз Отанның ұланымыз» байқауында Муглаева Медина қатысушы сертификатын иеленді.
2024-2025 оқу жылында «Эстрадалық вокалдың үздік педагогы» атағын иеленді. Оның шәкірті Бутинова Азалия мектепішілік рейтингте жеңіске жетіп, №2 БММ-нің бірінші сынып оқушылары арасындағы үздік вокалист атанды. Қазіргі уақытта Бутинова Азалия Ұлыбританиядағы халықаралық «Golden Time Talent» байқауына қатысып, бірінші онлайн кезеңінде бақ сынауда.
Қазылар алқасының мүшесі ретінде төрағалық еткен байқаулары:
- XV қалалық «Қазақ тілін құрметтейік» байқауы (Астана қ., ҚР Оқу-ағарту министрлігі, №2 БММ);
- №2 БММ ұйымдастырған «Қазақ тілін құрметтейік» байқауы;
- №2 БММ «Сүйемелдеумен ән айту» мектепішілік байқауы;
- №2 БММ «Джаз для Вас» мектепішілік байқауы;
- ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған «Әншуақ» республикалық қазақ тіліндегі балалар әндері фестиваль-байқауының Астана қалалық іріктеуі;
- «The Legacy Show» республикалық байқауы (Көкшетау қ.). осы және өзге де ұйымдардың алғыс хаттары мен грамоталарымен марапатталған.