
Іңкәр Медетқызы
Іңкәр Медетқызы – домбыраны жан серігіне айналдырған ерекше талантты қыз. Ол кішкентай кезінен-ақ ұлттық өнерге қызығып, күй шертуге құштар болды. Қазіргі таңда ұстазы Зайнуллинова Айгүл Есентайқызының жетекшілігімен өнерін шыңдап, көптеген байқауларда жоғары жетістіктерге жетіп жүр.
Іңкәрдің жетістіктері:
🎶 2022 жыл – І Қалалық «Күйші Қали» байқауы (ІІ орын);
🎶 2022 жыл – Халықаралық “Түркі әлемі” байқауы (ІІ орын);
🎶 2023 жыл – Халықаралық “Oz Elim” байқауы (ГРАН-ПРИ);
🎶 2023 жыл – Қалалық «Күй қайнары» байқауы (І орын);
🎶 2023 жыл – Дельфий ойындары (ІІ орын);
🎶 2023 жыл – “Жан Dostar” республикалық байқауы (І орын);
🎶 2023 жыл – “Жас екпін” байқауы (ІІІ орын);
🎶 2024 жыл – “Жас талап” байқауы (ІІ орын);
🎶 2024 жыл – Халықаралық этнофорумға қатысқаны үшін Алғыс хат;
🎶 2024 жыл – Қалалық “Есілім-еркем” байқауы (ІІ орын).
Домбыраның қоңыр үні Іңкәрдің жүрегінен орын алып, оған шабыт беріп келеді. Ол әрбір күйді жүрегімен сезініп, бар ықыласымен орындауға талпынады. Іңкәрдің алда әлі талай белестерді бағындыратынына сенімдіміз!