«Елорда» камералық оркестрі

 «Елорда» камералық оркестрі – жас таланттардың өнерін шыңдап, кәсіби деңгейге көтеретін шығармашылық ұжымдардың бірі.  2005 жылы құрылған оркестрдің жетекшісі – Керейбаева Күляш Орынбекқызы

Өнер жолындағы алғашқы қадамдарын жеңіл халық күйлерінен бастаған оркестр уақыт өте келе күрделі шығармаларға көшті. Балалардың қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі аспаптарда ойнауды үйрету қолға алынды. Бүгінде оркестр ұлттық және әлемдік музыкалық дәстүрлерді шебер ұштастырып, үлкен сахналарда өнер көрсетуде. 

Жетістіктері: 

Қалалық байқаулар: 

2021 – «Жас талап» байқауы – II орын 
2023 – ХVІ «SHATTYQ-2023» байқауы – Диплом 

Республикалық байқаулар: 

2021 – «Өз елім» байқауы, «Елорда» фольклорлық ансамбліБас жүлде 
🥈 2023 – ҚР ХІV Ұлттық Жастар Дельфий ойындарының іріктеу кезеңі – II орын 
2022 – «Өз елім» байқауы – Бас жүлде 
🥇 2024 – «Отанның әні» байқауы – I орын 

Халықаралық байқаулар: 

2022 – «Түркі әлемі» байқауы – I орын 
2024 – «Түркі әлемі» байқауы– II орын 

Ұлттық өнерді дәріптеп, жастардың шығармашылығын шыңдау жолында «Елорда» камералық оркестрі талмай еңбек етуде. Оркестрдің алдағы мақсаттары – жаңа белестерді бағындырып, қазақ музыкасын әлемдік деңгейде таныту!