Сеитова Күлшат Түсіпханқызы

Сеитова Күлшат Түсіпханқызы – қосымша білім беру педагогі, фортепиано сыныбының оқытушысы, Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебінің концертмейстері. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының түлегі. 45 жылдық педагогикалық тәжірибесі бар және мектептің Ақсақалдар кеңесінің мүшесі.

Күлшат Түсіпханқызы – өскелең ұрпақты өнерге баулып, олардың бойында музыканың сиқырлы әлеміне деген сүйіспеншілікті оята білген ұлағатты ұстаз. Өз шәкірттеріне бар білгенін үйретіп, әр баланың қабілетін ашу жолында ол шығармашылық ізденісін ешқашан тоқтатқан емес. Сабақ барысында балалардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады.

Әр оқушыға жеке көзқараспен қарап, олардың музыканы түсінуін жеңілдетіп, шығармашылық ойлауын дамытуға күш салады. Дарынды балаларды ерте анықтап, олардың қабілетін ұштау үшін қосымша мүмкіндіктер жасайды. Ұстаздың еңбегінің арқасында оның шәкірттері қалалық, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары мен Гран-при иегерлері атанған.

Шәкірттерінің қатарында өнер жолын таңдап, Қазақстан мен Германияның жоғары музыкалық оқу орындарында білімін жалғастырып жатқан дарынды жастар бар.

Оқушыларының жетістіктері:

Халықаралық байқаулар:

· Қазақстан, Алматы – Гран-при (2017)

· Қытай, Бейжің – I орын (2017)

· Чехия, Прага – II орын (2018)

· БАӘ, Шарджа – I орын (2019)

· Грузия, Батуми – I орын (2023)

· Ресей (Мәскеу, Екатеринбург) – I орын (2021, 2022, 2023, 2024)

Республикалық және қалалық байқаулар:

· «Жас жұлдыз» жас музыканттар байқауы – Гран-при, I орын (2019, 2022)

· «Астана-Арай» байқау-фестивалі – Гран-при, I орын (2018, 2020)

· Ғ. Жұбанова атындағы республикалық байқау – Гран-при (2019)

· III Республикалық «Музыка әлемі» аспапшылар байқауы – I орын (2024)

Марапаттары мен жетістіктері

· Астана қаласы Білім басқармасының Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары (2012, 2013, 2023).

· Халықаралық өнер байқауларының ұйымдастыру комитеттерінен кәсіби шеберлігі, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы еңбегі және ұлттық мәдени мұраны сақтау ісіне қосқан үлесі үшін алғыс хаттар.

· Қалалық, республикалық және халықаралық байқауларда концертмейстер ретінде белсенділік танытып, жоғары кәсібилігі үшін марапаттар мен дипломдарға ие болған.

Оқу-әдістемелік қызметі:

· Оқу құралдарының авторы және құрастырушысы:

o «Қобызшылар ансамбліне арналған шығармалар» (Ахметова А.Б.-мен бірге), оқу орындарына ұсынылған (рецензент – п.ғ.к., ҚазҰӨУ доценті Сметова А.А.).

o «Қазақстан композиторларының фортепианоға арналған пьесалары» (Кегенова М.Ж.-мен бірге), БММ мен музыкалық колледждерге арналған.

· «Фортепианолық дағдыларды дамытудың шығармашылық әдістері» атты әдістемелік ұсыныстардың авторы.

· «Әдістемелік вернисаж» республикалық байқауының сертификат иегері (Астана, 2023).

Күлшат Түсіпханқызы – тек білім беріп қана қоймай, шәкірттерін шабыттандырып,

олардың музыкалық әлеуетін ашуға көмектесетін талантты ұстаз. Оның өз ісіне деген адалдығы, шеберлігі мен музыкаға деген сүйіспеншілігі оқушыларының жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне және Қазақстанның намысын беделді байқауларда лайықты қорғауына ықпал етеді.