№2 балалар музыка мектебі ашылған сәтте оның алғашқы директоры Эмануил Гердт болды, сол кезеңде педагогикалық ұжым қалыптаса бастады. Кейіннен мектепке Эдуард Трутман басшылық етті. 1981-1998 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін Харитон Васильевич Кипритиди атқарды. Одан кейінгі жылдары мектепті Г. Канцеров пен О.С. Сүлейменов басқарды.