Сауриков Дүйсембек Мәметұлы

Сауриков Дүйсембек Мәметұлы төртінші сыныпта оқып жүргенде, яғни 1965 жылы А.К. Жұбанов атындағы Республикалық музыка мектебінің көшпелі комиссиясы дарынды балаларды іріктеу мақсатында Жамбыл қаласына келеді. 35 қатысушының ішінен тек екеуі ғана таңдалып алынды, олардың бірі – Сауриков Д.М. болатын. 

Элиталық мектепке түскен соң, ол өзіне музыкалық аспап таңдау қажет болады. Оның жанына жақын аспап саксофон еді, бірақ ол кезде бұл аспапқа тыйым салынған болатын. Сондықтан ол кларнетті таңдайды, өйткені кларнет саксофонға жақын аспаптардың бірі. Кейіннен жоғары оқу орнында оқып жүргенде, өзінің арманы болған саксофонды кәсіби деңгейде меңгереді. 

Еңбек жолын оркестр жетекшісі қызметінен бастады, кейін мәдени-ағарту училищесінде дәріс берді, ұзақ жылдар бойы музыка мектебінің директоры болып жұмыс істеді. Мектептің қайта құрылуына байланысты, Тараз мемлекеттік университетіне оқытушы болып ауысты. 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректорының шақыртуымен эстрадалық-үрмелі оркестрдің жетекшісі болып қызметке орналасты. Университет базасында Big Band ансамблі құрылып, оған жетекшілік етті. Бұл ұжымға Шымкенттің үздік музыканттары шақырылды. 

Оның басшылығымен көптеген қайырымдылық концерттері өткізілді. Сондай-ақ алғаш рет «Шымкент – менің алғашқы махаббатым» фестивалін ұйымдастырып, оның негізін қалады. 2006 жылы ТМД елдерінің үздік джаз орындаушылары шақырылған бірінші Халықаралық джаз фестивалінің ұйымдастырушыларының бірі болды. Осы фестивальде «Джаз фестивалінің лауреаты» атағын иеленді. 

2006 жылы отбасымен бірге Астана қаласына көшіп, ҚР Ішкі істер министрлігінің Орталық оркестрінде қызмет атқарды. Бұл жерде ол 2017 жылға дейін қызмет етті. 

2017 жылдан бастап Астана қаласы №2 балалар музыка мектебінде саксофон сыныбының оқытушысы ретінде қызмет атқарып келеді. Өзінің бай тәжірибесі мен білімімен бөлісе отырып, шәкірттерін тәрбиелеуде. Оның оқушылары халықаралық, республикалық және қалалық конкурстардың жеңімпаздары атануда. 

Дүйсембек Мәметұлының жетекшілігімен «Golden Sax» саксофонистер ансамблі құрылып, «Golden Sax» халықаралық байқауында Гран-при иеленді. 

Жетістіктері: 

  • 2021 жылы шәкірті Байбусинов Шамиль ҚазҰӨУ-ге эстрада бөліміне оқуға түсті. 
  • 2022 жылы «Golden Sax» байқауында:  
  • Гран-при – Мұхамеддинов Родион 
  • 1 орын – Мелконян Серо, Азербай Амина 
  • 2 орын – Урусов Евгений, Пивоваров Марк, Калашникова Алиса 
  • 2022 жылы Мұхамеддинов Родион және Иромашвили Даниал ҚазҰӨУ-ге үрмелі аспаптар бөліміне оқуға түсті. 
  • 2023 жылы «Golden Sax» байқауында:  
  • 1 орын – Мелконян Серо, Пивоваров Марк, «Golden Sax» кіші ансамблі 
  • 2 орын – Урусов Евгений, Кириллов Илья, Калашникова Алиса, Азербай Амина, Рахмедин Мирас, Моор Илья, Урюпинский Максим 

Ансамбль белсенді түрде мектеп пен қала іс-шараларына қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетуде.