
Тайбағар Мөлдір Мақсатқызы
Тайбагар Мөлдір Мақсатқызы – №2 балалар музыка мектебінің «Домбыра» сыныбының дарынды оқушысы. Жетекшісі – Жардемов Мейрамбек Батырұлы.
Мөлдір өз таланты мен еңбегінің арқасында түрлі республикалық, қалалық және халықаралық байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Жетістіктері:
2023 жыл
- «Абыз-домбыра» IV республикалық күйшілер байқауы (Астана) – III орын
- XIV қалалық «Асыл мұра» ұлттық өнер байқауы – III орын
- ХІ қалалық «КҮЙ ҚАЙНАРЫ» күй тартыс байқауы – III орын
2024 жыл
- XV қалалық «Асыл мұра» ұлттық өнер байқауы – II орын
- XVII «Шаттық-2024» қалалық байқауы – Күміс жүлде
- Н.Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Біз Отанның ұланымыз» республикалық байқауы – III орын
- III халықаралық «Түркі Әлемі» байқау-фестивалі – II орын
- ХІІ қалалық «КҮЙ ҚАЙНАРЫ» күй тартыс байқауы – III орын
- «Жас талап» қалалық байқауы (“Домбыра” номинациясы) – III орын
2025 жыл
- Жас музыканттардың қалалық кезеңі – III орын
Мөлдірдің жетістіктері – оның шексіз еңбекқорлығы мен ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігінің дәлелі. Болашағы жарқын, жаңа биіктерді бағындыруына тілектеспіз!