«Көкжендет» домбырашылар ансамблі
2019 жылы құрылған «Көкжендет» домбырашылар ансамблі – қалалық, республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегері. Ұжымның жетекшісі – Сыздықов Арман Қайдарұлы.
Жетістіктері:
- 2020, 2021, 2022 жылдары Н.Тілендиев атындағы республикалық «Өз елім» байқауында жүлделі орындарға ие болды.
- Халықаралық «Дала әуені» балалар мен жасөспірімдер арасындағы орындаушылар байқауы – I орын.
- I халықаралық «Түркі әлемі» түркі халықтарының балалар ансамбльдері байқауында – II орын.



