«GOLDEN SAX» саксофоншылар ансамблі

«GOLDEN SAX» саксофоншылар ансамблі 2018 жылы құрылды. Алғашында 9 музыканттан тұрған ұжым өз өнерімен мектеп пен қаланың барлық маңызды іс-шараларына белсенді қатысып келеді. 2019 жылы ансамбль Астанада өткен I Халықаралық «Viva Music» фестиваль-байқауында GRAND PRIX иегері атанды. 2023 жылы ансамбль мүшелері Президенттік шыршада өнер көрсетіп, өз жетістіктерін жаңа деңгейге көтерді. 

Ансамбльдің жетекшісі – Сауриков Дүйсембек Маметович