Мырзақұлова Маралжан Қазыбекқызы – №2 балалар музыка мектебінің түлегі, ұстазы – Керейбаева Күляш Орынбекқызы. Маралжан Қазыбекқызы – халық аспаптар оркестрінің дирижері, халықаралық конкурстардың лауреаты. 

Қазіргі уақытта Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының қазақ халық аспаптар ансамблінің жетекшісі және бас дирижері қызметін атқарады. 

Білімі: 

1996 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына «Домбыра» мамандығы бойынша профессор Б.Т. Ысқақовтың, ал «Дирижерлеу» мамандығы бойынша профессор Нүсіпбаевтың сыныбына оқуға түсті. 
1999 жылы Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық музыка академиясына ауысып, 2001 жылы академияны «Оркестр әртісі», «Қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижері», «Концерттік орындаушы», «Оқытушы» біліктіліктерімен тәмамдады. 

Еңбек жолы: 

2001 жылы Қазақ Ұлттық музыка академиясының композиция және оркестрлік дирижерлеу кафедрасына оқытушы болып қабылданды. 
2001 жылдан бастап колледждің қазақ халық аспаптар оркестріне жетекшілік етеді. 
2001 жылдан бастап Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрының бас дирижері қызметін атқаруда. 
2021 жылдың ақпанында театрда халық аспаптар ансамблін ұйымдастырып, оның қысқа уақыт ішінде кәсіби деңгейі жоғары ұжымға айналуына жетекшілік етті. 2021 жылдың 2 маусымында Каллеки театрының халық аспаптар ансамблінің тұсаукесер концерті өтті. 

Жетістіктері: 

1999 ж. – Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік Консерваториясының жас симфониялық оркестр дирижерлері конкурсының лауреаты; 
2000 ж. – III Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты (домбыра номинациясы); 
2001 ж. – Шамғон Қажығалиев атындағы I Республикалық дирижерлер конкурсының лауреаты (Орал қ.); 

2004 ж. – Нұрғиса Тілендиев атындағы I Республикалық дирижерлер конкурсының лауреаты (Алматы қ.); 
2008 ж. – Нұрғиса Тілендиев атындағы I Халықаралық дирижерлер конкурсының лауреаты (Астана қ.); 
2011 ж. – Боздақ Рзаханов атындағы I Республикалық дирижерлер конкурсының лауреаты (Ақтау қ.). 

Маралжан Қазыбекқызы әріптестері арасында үлкен беделге ие және Қазақстандағы халық музыкасының дамуына зор үлес қосып келеді.