«Бүлдірген» жетігеншілер ансамблі

2017 жылы құрылған «Бүлдірген» жетігеншілер ансамблі – ұлттық музыкалық өнерді дәріптеуші шығармашылық ұжымдардың бірі. Ансамбль жыл сайын мектебіміздің дәстүрлі есеп беру концерттерінде өнер көрсетіп, халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегері атанып жүр. Ұжымның жетекшісі – домбырашы, жетігенші, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Самарханова Назерке Білімбекқызы.  

Жетігеннің сырлы сазын жүректерге жеткізіп жүрген «Бүлдірген» ансамблінің репертуары қазақ халық күйлері мен әндерін, сондай-ақ шетелдік шығармаларды қамтиды. 

Ансамбльдің жетістіктері: 

  • 2019, 2020 жылдары Астана қаласында өткен Н.Тілендиев атындағы Республикалық «Өз елім» байқауы, I және II орын; 
  • 2022 жылы Астана қаласында өткен Халықаралық «Түркі әлемі» түркі халықтарының балалар ансамбльдері байқауы, I орын; 
  • 2023 жылы Ақтөбе қаласында Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы қолдауымен өткен «Бабалар мұрасы» республикалық фольклорлық ансамбльдер, жетіген және шертершілер байқауы, II орын.