ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ ЖАЛҒАС ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ – МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ.

Білімі және еңбек жолы:

1992 ж. – А. Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық училищесін «Домбыра» мамандығы бойынша тәмамдады.

1998 ж. – Қазақ ұлттық музыка академиясын «Домбыра» мамандығы бойынша аяқтады.

Педагогикалық еңбек өтілі – 34 жыл.

1992-2000 жж. – Ақтөбе облысы Байғанин аудандық балалар музыка мектебінде домбыра сыныбының оқытушысы.

2000-2004 жж. – Ақтөбе қаласындағы Облыстық оқушылар сарайында домбыра үйірмесінің жетекшісі және әдіскер.

2004-2015 жж. – Ақтөбе қаласындағы Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінде домбыра сыныбының оқытушысы.

2004-2005 жж. – Ақтөбе политехникалық колледжінде (қоса атқарушылық негізде) көркемдік жетекші.

2015-2016 жж. – Ақтөбе қаласындағы Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі директорының музыкалық бағыт бойынша орынбасары.

2016 жылғы мамыр – 2016 жылғы қазан аралығы – Ақтөбе қаласындағы Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

2016-2024 жж. – Ақтөбе қаласындағы Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің директоры.

2024 жылғы тамыз – 2024 жылғы қыркүйек аралығы – Ақтөбе қаласындағы А. Жұбанов атындағы музыкалық колледждің әдіскері.

2025 жылғы қаңтар – 2025 жылғы тамыз аралығы – Ақтөбе қаласындағы А. Жұбанов атындағы музыкалық колледждің директоры.

2025 жылғы қазан – 2026 жылғы маусым аралығы – Ермек Серкебаев атындағы №3 балалар музыка мектебінде домбыра сыныбының оқытушысы.

2026 жылғы 8 маусымнан бастап – Астана қаласы әкімдігінің «Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебінің» ШЖҚ МКК директоры.