«Жас Өрен» домбырашылар ансамблі

«Жас Өрен» домбырашылар ансамблі 2013 жылы №70 мектеп жанындағы филиалда құрылды. Ансамбль құрылғалы бері республикалық, қалалық және мектепішілік концерттерге белсенді қатысып келеді. 2013-2022 жылдар аралығында ансамбльді Ниханбаева Карлыға Жұмаханқызы басқарды. 2022 жылы ол Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебінің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары болып тағайындалды. Сол жылдан бастап ұжымға Ниханбаева Гүлжан Марсельқызы жетекшілік етуде. 

Жетістіктері: 

✅ 2022 ж. – Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебінің «Құрмет» ордені; 
✅ 2018 ж. – «Шаттық» байқауының алтын медалі; 
✅ 2022 ж. – «Шаттық» байқауының алтын медалі; 
✅ 2022 ж. – «Жас Талап» республикалық байқауының I орын дипломы; 
✅ 2023 ж. – «Асыл Мұра» байқауының Гран-при иегері; 
✅ 2023 ж. – «Түркі Әлемі» халықаралық байқауының I орын дипломы; 
✅ 2024 ж. – «Шаттық» байқауының алтын медалі; 

«Жас Өрен» ансамблі – қазақтың дәстүрлі музыкасын дәріптеп, өнер әлемінде өз орнын қалыптастырып келе жатқан талантты домбырашылар ұжымы.