Мұстафин Абылай

Мұстафин Абылай – ерекше қабілетті әрі мақсатшыл жасөспірім. Көру мүмкіндігі шектеулі (I топ) болса да, өзінің қайсарлығымен, талантымен және еңбексүйгіштігімен үлкен жетістіктерге жетіп келеді. Абылай – Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебінің оқушысы. Ұстазы – Бабкова Олеся Ивановна. 

Дарынды жас пианист республикалық және халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы: 

2021 ж. – «ONERPAZ BOLSAN» республикалық конкурсының Гран-при иегері (500 000 теңге жүлде); 
2022 ж. – «АРМАН АСУЛАРЫ» республикалық конкурсының Гран-при иегері; 
2023 ж. – «Жан Достар» республикалық конкурсының Гран-при иегері; 
2023 ж. – «Жас Star» республикалық музыка фестивалінде I орын; 
2023 ж. – «Музыка мира» халықаралық конкурсында I орын; 
2023 ж. – «Золотой Тулпар» халықаралық фестиваль-конкурсының Гран-при иегері; 
2023 ж. – «Bala Fest» республикалық конкурсының Гран-при иегері; 
2023 ж. – «Шуақ» қалалық конкурсында I орын; 
2024 ж. – «Жас жұлдыз» республикалық конкурсының Гран-при иегері; 
2024 ж. – «JULDYZAI» республикалық конкурсында I орын; 
2024 ж. – «Golden Time Talent» (Англия) халықаралық конкурсының Гран-при иегері; 
2024 ж. – «Алтын Жұлдызы» Қазақстанның дарынды оқушыларының республикалық конкурсында I дәрежелі диплом және «Алтын Жұлдызы» медалі. 

Абылай – өнерге деген сүйіспеншілігі мен табандылығының арқасында көптеген белестерді бағындырған дарынды жас. Ол өз талантымен, қайсарлығымен және еңбегімен көптеген жастарға үлгі болып келеді!