«Шабыт» домбырашылар ансамблі

«Шабыт» домбырашылар ансамблі – қазақтың күй өнерін насихаттап, жас таланттарды қабілетін шыңдайтын шығармашылық ұжым. 2014 жылы негізі қаланған ансамбльдің жетекшісі – Зайнуллинова Айгүл Есентайқызы. Ансамбль ұлттық өнерді жаңғыртып қана қоймай, жас орындаушылардың шеберлігін шыңдап, оларды үлкен сахнаға дайындайды. 

Ансамбль жетістіктері: 

2021 – IV INTERNATIONAL YOUTH ARTS FESTIVAL-CONTEST «FLOWERS OF LIFE» (Сеул, Корея) – I орын; 
2022 – I Халықаралық «Түркі әлемі» түркі халықтарының балалар ансамбльдері байқауы – I орын; 
2023 – ҚР ХІV Ұлттық Жастар Дельфий ойындарының іріктеу кезеңі – III орын 
2023 – Халықаралық «Өз елім» байқауы – Бас жүлде; 
2024 – Қалалық «Жас талап» байқауы – II орын; 
2024 – I Қалалық «Есілім-еркем» байқауы – II орын. 

Домбыра үнімен жүректерді тербеп, ұлттық өнердің мерейін өсіретін «Шабыт» ансамблі алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруды мақсат етеді.