Директор: Құдайбергенов Жалғас Құдайбергенұлы
Туған жылы: 02.03.1973 ж.
Туған жері: Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы
Білімі: Жоғары, 1988-1992 жж. – А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық училищесі. Бакалавр 1994-1998 жж. – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті.
Мектеп директоры лауазымына тағайындалғанға дейінгі жұмыс орны: Астана қаласы әкімдігінің “Е.Серкебаев атындағы №3 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК, домбыра сыныбының оқытушысы
Жалпы жұмыс өтілі: 32 жыл 10 ай
Кәсіптік қызметі: Жалғас Құдайбергенов өз еңбек жолын 1992 жылы Байғанин ауданы Қарауылкелді орта мектебі жанындағы интернатта “тәрбиеші” лауазымынынан бастаған;
11992–2000 жж. – Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Балалар саз мектебінде домбыра пәнінің мұғалімі;
2000–2004 жж. – Ақтөбе қаласы, Облыстық оқушылар сарайының домбыра үйірмесінің жетекшісі және әдіскері;
2004–2015 жж. – Ақтөбе қаласы, Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің домбыра сыныбының оқытушысы;
2004–2005 жж. – Ақтөбе қаласы, Ақтөбе политехникалық колледжінде (қосымша жұмыс) көркемдік жетекші;
2015–2016 жж. – Ақтөбе қаласы, Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі директорының музыкалық профиль бойынша орынбасары;
2016 ж. мамыр – 2016 ж. қазан – Ақтөбе қаласы, Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
2016–2024 жж. – Ақтөбе қаласы, Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің директоры;
2024 ж. тамыз – 2024 ж. қыркүйек – Ақтөбе қаласы, А.Жұбанов атындағы музыкалық колледждің әдіскері;
2025 ж. қаңтар – 2025 ж. тамыз – Ақтөбе қаласы, А.Жұбанов атындағы музыкалық колледждің директоры;
2025 ж. қазан – 2026 маусым – Ермек Серкебаев атындағы №3 балалар музыка мектебінің домбыра сыныбының оқытушысы;
2026 жылдың 8 маусымынан бастап “Роза Бағланова атындағы №2 Балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК директоры.
