НИХАНБАЕВА ҚАРЛЫҒА ЖҰМАХАНҚЫЗЫ – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәжірибелі педагог, білікті маман. 

Білімі мен кәсіби жолы: 

  • 2002 ж. – Қарағанды музыкалық училищесін «Домбыра» мамандығы бойынша үздік бітірді. 
  • 2008 ж. – Қазақ ұлттық музыка академиясында білім алды. 
  • 2011 ж. – «Туран-Астана» университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бітіріп, магистр дәрежесін алды. 

Педагогикалық өтілі – 21 жыл 2 ай. 

  • 2003-2004 жж. – Теміртау қаласындағы Ғазиза Жұбанова атындағы БММ домбыра сыныбының оқытушысы; 
  • 2004-2016 жж. – Астана қаласындағы №3 БММ (С. Прокофьев ат.) домбыра сыныбының оқытушысы; 
  • 2013-2018 жж. – №70 мектептегі «Жас Өрен» домбыра ансамблінің жетекшісі. 
  • 2018 ж. – Астана қаласындағы №2 БММ домбыра сыныбының оқытушысы; 
  • 2022 ж. бастап – №2 Роза Бағланова атындағы БММ тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары. 

Кәсіби жетістіктері: 

  • Бірінші санатты педагог-эксперт. 
  • Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары мен жүлдегерлерін дайындаған. 
  • Музыкалық байқаулардың қазылар алқасының мүшесі және төрағасы. 
  • Республикалық және халықаралық іс-шараларды ұйымдастырушы. 
  • Оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында сыныптан тыс жұмыстар жүргізеді. 

Марапаттар мен жетістіктер: 

  • №2 Роза Бағланова атындағы БММ ордені (2022 ж.); 
  • Музыкалық білім мен педагогикалық қызметке қосқан үлесі үшін алғыс хаттар, сертификаттар мен дипломдардың иегері; («Шаттық-2018», «Шаттық-2022» – алтын, «Шаттық – 2022» – күміс, «Шаттық – 2024» – қола) 
  • Оқушылары мен ансамбльдері қалалық, республикалық және халықаралық байқауларда Гран-при мен жүлделі орындарға ие болған: 
  • Халықаралық «Түркі Әлемі» байқауы (2022 ж.); 
  • Республикалық «Жас талап» байқауы (2022 ж.); 
  • Республикалық «Жандостар» байқауы (Абдрахман Хасан, 12.03.2023 ж.); 
  • Республикалық «Жандостар» байқауы (Жұмаш Рамазан, 12.03.2023 ж.); 
  • Республикалық «FARABILAND» байқауы (Жұмаш Рамазан, 27.03.2023 ж.); 
  • Республикалық «Абыз домбыра» байқауы (Хафиз Н., 2024 ж.); 
  • Республикалық «Абыз домбыра» байқауы (Акбанова Ж., 16.11.2024 ж.).