«Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебі» ШЖҚ МКК Астана қаласы, Ш. Айманов көшесінде орналасқан, жалпы ауданы 1914,2 ш.м. Ғимаратта 35 оқу кабинеті, 50 орындық акт залы, кітапхана, әдістемелік кабинет, бухгалтерия бар. Мектептің жобалық қуаты – 650 оқушы.
Қазіргі уақытта мектептің 15 филиалы бар, олар №4, 10, 22, 27, 32, 35, 46, 48, 54, 78, 92 жалпы білім беру мектептерінде, сондай-ақ «Муз Әлем» ерте музыкалық даму орталығы, «Жылы ой», «Нұра» және «Түркістан» БЦ-да орналасқан.
Мектеп толыққанды бастауыш музыкалық білім берудің оқу бағдарламасын мемлекеттік және орыс тілдерінде 16 мамандық бойынша жүзеге асырады:
1. «Фортепиано» (7 жыл);
2. «Скрипка» (7 жыл);
3. «Баян» (5 жыл);
4. «Флейта» (5 жыл);
5. «Саксофон» (5 жыл);
6. «Вокал» (5-7 жыл);
7. «Гитара» (5 жыл);
8. «Аккордеон» (5 жыл);
9. «Виолончель» (7 жыл);
10. «Домбыра» (5 жыл);
11. «Жетіген» (5 жыл);
12. «Қобыз» (5 жыл);
13. «Қыл қобыз» (5 жыл);
14. «Кларнет» (5 жыл);
15. «Дәстүрлі ән» (5 жыл);
16. «Хор».
Мектепте оқу ақылы, сондай-ақ жеңілдікпен және тегін негізде жүргізіледі:
• жетім балалар үшін – тегін;
• ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін – тегін;
• көпбалалы отбасылардың балалары үшін – 50% жеңілдік.
Оқу кабинеттері музыкалық аспаптармен, көрнекі құралдармен, мектеп жиһаздарымен жабдықталған.
Мектеп кітапханасында ноталық басылымдар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, теориялық пәндер бойынша оқулықтар, энциклопедиялар, конференциялар мен семинарлар материалдары, өнер туралы кітаптар бар және үнемі толықтырылып отырады.