Кегенова Мира Жүнісбекқызы

Кегенова Мира Жүнісбекқызы – Роза Бағланова атындағы №2 Балалар музыка мектебінің қосымша білім беру педагогі. 48 жылдық еңбек өтілі бар, оның ішінде 2008 жылдан бері осы мектепте шәкірт тәрбиелеуде. Ол – фортепиано өнерінің қыр-сырын үйретіп, музыкалық білім беруде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүрген кәсіби маман. 

Мира Жүнісбекқызы –шығармашылық әлеуеті жоғары білікті ұстаз. Заманауи оқыту әдістері мен технологияларын қолдана отырып, шәкірттерінің музыкалық қабілеттерін дамытып, оларды ұлттық және әлемдік музыкалық мәдениетке баулиды. Оның тәжірибесі көптеген педагогикалық әдістемелерде көрініс тапқан. 

Ғылыми-әдістемелік жұмысы: 

  • Педагог Сейтова К.Т. бірлесіп «Қазақстан композиторларының фортепианоға арналған пьесалары» атты оқу-әдістемелік жинағын әзірлеп, мектеп тәжірибесіне енгізді (2017). 
  • «Фортепиано сыныбында техникалық дағдыларды дамытудың модульдік оқыту технологиясы» атты әдістемелік ұсынымдарды балалар музыка мектебі мен балалар өнер мектебінің оқытушыларына арнап әзірлеген. 
  • «Музыка» атты оқу-әдістемелік құралын шығарғаны үшін «Атамұра» корпорациясының Алғыс хатымен марапатталған. 

Педагогикалық шеберлігі мен кәсіби жетістіктері 

  • 2018 жылы РҚББОӘО-да «Қосымша музыкалық білім беру жүйесінде фортепианода ойнауды үйрету әдістемесі» тақырыбында мастер-класс өткізді. 
  • 2014 жылы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры, РФ еңбек сіңірген әртісі Валерий Пясецкийдің мастер-классына қатысты. 
  • 2024 жылы РФ еңбек сіңірген ұстазы, Мәскеу мемлекеттік консерваториясының арнайы фортепиано бөлімінің меңгерушісі Марченко М.Л. өткізген мастер-класқа қатысты. 
  • 2017 жылы Ш.А. Амонашвили жетекшілік еткен «Болашақты сүйіңіз – қанатыңыз өседі» атты Қазақстандық педагогикалық оқуларға қатысты. 
  • 2023 жылы «Әдістемелік вернисаж» республикалық байқауына қатысты. 

Оқушыларының жетістіктері 

  • Халықаралық байқаулар (2014-2024):  
  • 5 Гран-при иегері, 
  • 17 лауреат (I, II, III дәрежелі жүлдегер). 
  • Республикалық байқаулар (2014-2024):  
  • 6 Гран-при иегері, 
  • 35 лауреат (I, II, III дәрежелі жүлдегер). 
  • Қалалық байқаулар (2014-2024):  
  • 4 Гран-при иегері, 
  • 20 лауреат (I, II, III дәрежелі жүлдегер). 

Марапаттары 

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты
  • Астана қаласы Білім басқармасының Мадақтама грамоталары (2010, 2013, 2014, 2015, 2023). 
  • «Әділет» кәсіподағының Құрмет грамотасы (2014). 
  • РҚББӘО Алғыс хаты (2018). 
  • Байқоңыр ауданы әкімінің Алғыс хаты (2020). 

Мира Жүнісбекқызы – талапшыл, ізденімпаз, саналы ғұмырын өз ісіне арнап келе жатқан ұлағатты ұстаз. Ол шәкірттеріне музыканы сүйіп, оны терең түсінуге үйретіп, олардың шығармашылық әлеуетін барынша дамытуға ықпал етуде. Оқушылары еліміздің үздік оқу орындарында білімдерін жалғастыруда, соның ішінде Абдиев Аскар«Шабыт» колледжінің түлегі, қазіргі таңда Қазақ Ұлттық Өнер университетінде оқуын жалғастыруда.