Байтенов Нұрлан Ізмұханұлы – тарихшы, қоғамтанушы, Р. Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебі филиалдарының меңгерушісі. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Білім беру және ішкі саясат саласындағы еңбек өтілі 20 жылдан асады. Мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында оқытушылық және әкімшілік қызметтерді атқарған. Аудан әкімдері, Ақмола облысы басшылығы және Қазақстан Республикасының Президенті атынан алғыс хаттарға ие болған. 

2022 жылдан бастап Р. Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебі филиалдарын басқарады.