Жұлдызай Ысқақ – Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебі филиалдарының меңгерушісі, ақын, мәдениет саласындағы белсенді ұйымдастырушы.
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ филологиясы мамандығының түлегі.
Еңбек жолы:
▪ 2011-2012 жж. – Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайында ғылыми қызметкер.
▪ 2012-2014 жж. – Астана қаласы, Жастар сарайында ұйымдастыру бөлімінің қызметкері.
▪ 2014-2018 жж. – қоюшы режиссер, сценарист.
▪ 2018-2021 жж. – Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында ұйымдастыру бөлімінің әдіскері.
▪ 2021 жылдан бері – «Астана дарыны» орталығында ғылыми жобалар мен шығармашылық конкурстар бөлімінің әдіскері.
▪ Қазіргі уақытта – Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебі филиалдарының меңгерушісі.
Жетістіктері:
- Т.Айбергенов атындағы әдеби жастар сыйлығының лауреаты;
- Мұқағали Мақатаев атындағы республикалық ақындар мүшәйрасының І орын иегері;
- Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жүлдегері;
- ҚР Білім және ғылым министрінің алғыс хаты мен Құрмет грамотасы (2019, 2020 ж.);
- Астана қаласы Әдістемелік орталығы директорының алғыс хаты;
- «Дарын» РҒПО директорының алғыс хаты (2021, 2022 ж.);
- Астана қаласы әкімінің алғыс хаты (2023 ж.).
- С.Сейфуллин атындағы республикалық ақындар мүшәйрасы – Бас жүлде (2024ж).